Жаңалықтар

Атыраулық құқық қорғау органдарының қызметкерлері біліктілік арттырды

Бүгін Атырау қаласында құқық қорғау органы қызметкерлері мен ҚАЖ департаменті мамандарына арналған «Дін саласындағы зайырлылық талаптары мен құқықтық негіздері» тақырыбында бір күндік біліктілікті арттыру курсы өтті. Курсты Атырау облысы Дін істері басқармасы Ақпараттық талдау орталығының тапсырысы негізінде Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы ұйымдастырды.
Еліміздегі пандемиялық ахуалға байланысты «ZOOM» бағдарламасы арқылы өтіп жатқан онлайн курсқа 50-ге жуық ҚАЖ департаменті мен учаскеліп полиция қызметкері қатысты. Курс жұмысын «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры директорының орынбасары М.Құбышев, Ақпарат талдау орталығының басшы орынбасары Г.Қожағұлова ашып, атаулы курсқа сәттілік тіледі.
«Шапағат» теологы М.Омаров, психолог Г.Кубышева слайд арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атырау қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Е.Какиев және Атырау облысы Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен байланыс, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы Е.Ерғалиев лекция арқылы қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, қосымша ақпарат ретінде «Шапағат» қорының теологтары С.Сариев пен Ш.Темірқұлұлы теологиялық қосымша сауалдарға жауап беріп өз үлестерін қосты. Курс соңында мешіт қызметкерлері мен имамдарға сертификат табысталды.
Tags

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close