Мақалалар

Дін Мекке мен Мединеде ғана деу қате түсінік

Қазіргі таңда діни ұстанымда жүргендердің арасында басқа бағыттарды ұстанатындар көбеюде.

Пайғамбарымыз (с.а.у) христиандар 72-ге, яхудилер 71-ге, мұсылмандар 73 тармаққа бөлінеді деп ескерткен. Алайда,«олардың ішіндегі ең тура жолдағылары − жамағатпен бірге болғандары» деп жеткізген.  Ақиқатында, жат ағымдардың шығу тарихы пайғамбарымыздан (с.а.у) кейінгі Али (р.а) кезеңіндегі харажиттердің ізін жалғастырушы Ибн Таймия, Ибн Қаиймдардың ерушісі Мухаммад ибн Абдулуаххабпен байланысты.

Осман халифатының кезеңінде Мекке мен Медина қалаларында14мың мұсылманның басын кескен соң «Жазиратул арабия» деген атақберіп,«біз Меккені кәпірлерден тазарттық» деп патшалық құрған. Арабтардың ішіндегі Саут руы Абдулуаһабпен келісім шартқа отырған. Егерде, Абдулуаһаб Мекке мен Мединаны жаулап алуына септігін тигізсе, шариғатқа қатысты саланы өзі басқаратынын жеткізген. Сол күннен бері уахаби діні мемлекеттік дін болып отыр.

Өкінішке орай, қазіргі жастар ислам діні Мекке мен Мединададеп түсінеді, алайда  Омар (р.а)«Ей, қаратас, егерде Пайғамбарымыз (с.а.у) сені сүймегенде, мен сені сүймес едім» деген. Сол себепті дін Мекке мен Мединада деп ойлауымыз қате болып табылады. Себебі дін – Алланың кітабы, Құран мен Пайғамбарымыз (с.а.у) сүннеті.

Діни білім алғыңыз келсе әр тарапқа жалтақтап қарау шарт емес. Алдымен, өңіріңізде орналасқан діни білім ордасынан сусындаңыз, содан соң қалаған елге барып білім алсаңыз болады. Себебі діни сауатыңызды арттырмай жатып, өзге елге білім алуға барсаңыз жат ағымның жетегінде кетуіңіз бек мүмкін.

Құран Кәрімде (Нахл сүресі 40 аят) «Тыңда, білмесеңіз білім иелерінен сұраңыз» деген аят бар. Бұл аят қазақтың «білмегеніңді білгеннен сұра» деген мақалына саяды. Пайғамбарымыз да (с.а.у) «ұстазы жоқтың ұстазы шайтан» деген хадисі бар екенін ескеру керек. Сондықтан да ғаламтордан ізденіп, кім көрінгенді ұстаз тұтпаңыз.

Қазіргі таңда жастардың дінге деген қызығушылығы артпаса кеміген жоқ.  Бірақ осы ынта-ықылас пен қызығушылықты дұрыс білім алу жолына бағыттасақ, елімізде өте жоғары деңгейде білімді кадрлардың саны көбейер еді. Сол кезде ғана теріс діни ағым елімізге өздерінің теріс пиғылдарын жүзеге асыра алмайды.

 Мухиддин  ОМАРОВ,

теолог,

«Шапағат»деструктивтік

діни ағымдардан жапа шеккендерге

     көмек орталығы»

 

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close