Жаңалықтар

Арыс: Атыраулықтардың аманатын арқалап…

Арысқа атыраулықтардың аманатын арқалап облыстың бас имамы Батыржан Мансұров жетті. Өзімен ере келген еріктілермен бірге эпицентр болған аумаққа барды, деп хабарлады Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі.

Мүлде үйсіз-күйсіз қалған отбасыларға жомарт жұртының сәлемін жеткізді. Атыраулықтардың Арыс тұрғындарымен бірге екенін айтты.

Сондай-ақ, бірінші штабта Атырау облысы әкімінің орынбасары бастаған жұмысшы топпен дидарласты. Аман-саулық сұрасып, күш-қуат тілеп, батасын берді.
Айта кетейік, атқарылар шаруасы шаш етектен әскери базаға жақын бөлігін Атырау облысының әкімдігі мен кәсіпкерлері қалпына келтіріп береді. Алла Тағала жәрдем етсін деп тілейміз.

Батыржан Мансұров “Бекзат ата” мешітін зиярат етті. Апаттан зардап шеккен мешіт пен имамына жамағаттың көмегін табыстады.

Орталық мешітте арыстық имамдармен жүздесу өтті. Батыржан Мансұров халықты сабыр мен иманға шақырудың жолдарын айтты.

Жамағаттың жәрдемін жеткізген Атырау облысының бас имамы мен еріктілерге өкіл Мұсабек Ақтамберді ризашылығын білдірді.

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close