Көкейкесті

Осыдан кейін Таяу Шығыстан тыныштық кетті, әлемде теракт жиіледі…

11 қыркүйекте АҚШ-тағы терактқа 20 жыл толады. АҚШ президенті Джо Байден терактқа 20 жыл толу қарсаңында соған қатысты құжаттарды көпшілікке жария ету жайлы жарлық шығарды.
«Америка халқы бұл шабуыл жайлы толық картинаны білуге құқылы. Құрама Штаттар билігі барынша шынайылық пен кейбір қажетті жағдайда ғана құпиялық сақтауды қамтамасыз етсін» деді Байден.
Осы ғимараттар өртеніп жатқанын телеарналар тікелей эфирден бергені әлі есімде. Бала болсақ та қарадық. Кейін біраз деректі фильм көріп, «сараптамалар» оқыдық. Әлі осы оқиғаның түйінін тарқатып, жете түсіне алмай жүрсем, америкалықтардың өзі де толық картинаны білмейді екен ғой.
Осыдан кейін Таяу Шығыстан тыныштық кетті, әлемде теракт жиіледі. Осы терактке жауап деп АҚШ Ауғанстанда Талибанға қарсы операциялар бастады. Одан кейін Ирак, Иран, Әл-Каида, ДАИШ, ИГИЛ, күрдтер мен түріктер, Сирия, …Йемен, Ливия, Израиль, ХАМАС, Палестина… Күйреген елдер, сан мыңдаған жазықсыз жанның өлімі мен Еуропаға ағылған босқындар…
Әлемде жуық арада бейбітшілік орнайтын түрі жоқ. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Мемлекетіміз арзан мақтан, жалған атақ, ұсақ-түйек үшін бос қырқыс пен жемқорлықты тоқтатып, ел болудың жолына түспесе, әлемдегі жағдай мәз емес қой. Бейбітшілік пен ресурсты дұрыс ел болу жолына пайдалана алмасақ, кейін кімге ренжиміз… Қазір қазақ билігіне бейжай жүретін уақыт емес…
Нұрлыбек Рахмановтың фейсбуктегі жазбасынан

Осы айдарда

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close