Жаңалықтар

Діни теріс ағымдағылар 38 миллионның маскасымен ұсталды

Durbi.kz. Діни теріс ағымдағылар кәсіпкерлерді бопсалау және алдау арқылы алған 38 миллионның маскасын шекарадан шығармақ болған.

«Ұсталғандардың барлығы – бұрын ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталған деструктивті діни ағым жақтаушылары. Қорғаныс маскаларын, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері өз уақытында қазақстандық дәріханаларды қамтамасыз еткісі келген отандық және шетелдік кәсіпкерлерді бопсалау және алдау арқылы алған. Заңға бағынатын кейбір азаматтар өздерінің қылмыстық іс-әрекетінің орбитасында осы танымал өнімге қатысты және қауіп-қатер арқылы шетелдік сатып алушыларды іздеумен айналысты», – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҰҚК мен ҚР ІІМ бірлескен іс-шаралары аясында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің Қазақстаннан жалпы сомасы 38 миллион теңге болатын медициналық маскалардың ірі партиясын контрабандалық жолмен алып өту әрекетінің жолын кесілді. Коронавирустық індеттің алғашқы толқыны аясында жасалған жеке қорғаныс құралдарының жетіспеушілігін діндар адамдар өз мақсатына пайдаланбақ болған.

Полицияның ресми хабарламасында қылмыстық топтың мүшелері алған қаражаттарын күнделікті нанына емес, қымбат көліктер мен бренд заттарды сатып алуға, мейрамханаларға баруға жұмсағаны айтылады.

Басталған қылмыстық іс аясында деструктивті ағымдарды жақтаушылардың үшеуі ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Келтірілген залалды өтеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

error: Көшіруге болмайды!! Барлық құқығы қорғалған
Close